Салтанат мұғалімдерге арналды

(0 Votes)

Бүгінгі қоғамда білімді ұрпақ тәрбиелеу - ең маңызды миссиялардың бірі. Өйткені, зерек те, зейінді білімге бейілді ұрпақ мемлекеттің болашақ капиталы саналады.

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында ауданымыздағы білім ұялары да қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, жетістіктерге жетіп отыр. Өткен аптада ауданда ұстаздар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Аталмыш шараға аудан мұғалімдері мен ардагер ұстаздар қатысты. Жиында аудан әкімі Ж.Қарағаев ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, алғыс хат табыс етті. Құттықтау тілегін жалғаған аудандық мәслихат хатшысы Қ.Исмагулов білім беру саласындағы үздіктерді алғыс хатпен марапаттады. Ұстаздар күніне арналған шарада аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Сұлтанов бірқатар мұғалімдерді білім және ғылым министрінің, облыстық білім беру басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапаттап, облыстық біліктілігін арттыру институтының «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерін табыстады. Сондай-ақ, облыстық, аудандық кәсіподақтың алғыс хатымен аудандық мұғалімдер кәсіподағының төрағасы Е.Құлтаев табыстады. Шара барысында ән мен жырдан шашу шашқан әріптестер мереке қызығын бірге бөліті.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521