Ел болам десең - бесігіңді түзе

Ел болам десең - бесігіңді түзе
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие жұмысына тоқталып өткен болатын. 

Онда ел Президенті жас ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек екенін жеткізді.

“Бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет”,- деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, жолдауда Президент тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Сала мамандарына қойылатын талаптар нақты бекітіліп, олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайту керектігін де айтып өтті.

Әрине, өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосары анық. Сондықтан балабақша тәрбиешілеріне қолдау көрсетіп, жұмыс жүктемесіне сай ақы төленіп, жоспарлы аттестациялаудан өткізіп отырған дұрыс деп есептеймін. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында көтерілген өзге де мәселелер, ел игілігі үшін қабылданып жатырған шаралар деп білемін.

Төлеубаева Таңшолпан Сағидоллақызы,

Мақат ауданы Білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша әдіскері

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT