Тазалық қызметкерлеріне құрмет

Тазалық қызметкерлеріне құрмет
Сурет автордікі
(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов «Тазалық-Көгал» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. 

Бұл жолғы кездесудің форматы бұрынғыдан өзгеше болды.

Ақ дастархан басында бас қосқан кездесуде аудан әкімі Азамат Саматұлы қойнауы құтқа толы мұнайлы өлкенің тазалығының сақтауына ерекше күш салып, еселі еңбек етіп жүрген мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Тазалық - бұл көзге көріне бермейтін қызмет түрі болғанымен, мемлекет үшін басты мәселе болып саналады. Осы ретте күн-түн демей тыным таппай, уақытпен санаспай, еңбекақысын адалынан алған сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Сіздердің атқарған жұмыстарыңыздың арқасында өлкеміз бүгінде таза ауданға айналып отыр. Сіздерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- деді аудан әкімі.

Емен жарқын әңгіме барысында мекеме қызметкерлері де өздерін толғандырған сұрақтарын аудан әкіміне жолдап, тиісті жауап алды.

Атап айтар болсақ, кездесу барысында тазалықшылардың еңбекақысын көтеру, қызметтік киіммен қамту, техникалық базаны толықтыру секілді бірқатар мәселелерді қамтылды.

Кездесу соңында аудан әкімі сала қызметкерлеріне естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT