Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов 19 қазан - Құтқарушылар күні мерекесіне орай құтқару саласының мамандарын қабылдады.
Аудан басшысы Төтенше жағдайлар қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі-тілегін жеткізді.
«Құрметті құтқару саласының қызметкерлері! Тәуекелге бел байлап, адам өмірін құтқару үшін өз өмірін қатерге тігетін сіздердің еңбектеріңіз қашанда өлшеусіз. Қандай қиыншылыққа тап келсеңіздер де өз істеріңізді абыроймен атқаратындарыңызға халықтың сенімі мол. Мереке тұсында еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!»,- деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар бөлімінің үздік қызметкерлеріне атқарған еңбектері үшін арнайы алғыс хат табыс етті.
Ә.ҚАСЫМ