Аудан орталығын соңғы күндері жауған қалың қардан тазарту тазалықпен айналысушы коммуналдық мекемеге оңайға тиген жоқ.
Бұл ретте тазартуға барлығы 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Қардың шамадан тыс қалың жаууына байланысты коммуналдық мекеме жұмысы тәуліктік режимге көшті. Тек соңғы екі тәулікте ғана қардан тазарту үшін Доссор кентінде 1 автогрейдер, щеткасы бар МТЗ тракторы, 1тиегіш, 1 гидромек жұмыс істесе, Мақатта 1 К-700 тракторы, 1 белорус, 1 тиегіш, 1 щеткасы бар трактор жұмылдырылды.
Бұл күштер кенттердің көшелерін қардан толықтай тазартып, тұрақты көлік қозғалысын қамтамасыз етуге жұмыстанды. Ақпанның ақырған аязы мен бораны күшейген күні, дәлірек айтқанда, 24 –і күні қоғамдық көліктер тоқтатылды.
Көп болып жұмылғанның нәтижесінде, Мақат және Доссордың орталық көшелері қардан аршылып, қоғамдық көліктердің еркін жүруіне мүмкіндік ашылды.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы бөлімінің ұсынған соңғы мәліметтерге жүгінер болсақ,
Қар тазалау жұмыстары Бәйгітөбе аулында, ПМС елді мекені мен мұнай айдаушылар және 477 бекетте жалғасын тапты. Енді шеткері жатқан Ескене мен Таскескен ауылдарына техника жіберуді қолға алды.
Е.МЫРЗА