Екпе салудың екінші кезеңі басталды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Ақпан айының 23-інен бастап елімізде екпе қабылдаудың екінші кезеңі басталған болатын. Екі күннен кейін аудандық орталық ауруханаға да "Спутник V"  вакцинаның 40 дозасы келіп жетті. Естеріңізде болса, алғашқы кезеңде 15 тұрғын өтініш білдіріп, екпе қабылдаған еді. Оларға енді екпенің екінші бөлігі егіліп жатыр.

Вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдаған аудан әкімшілігінің аппарат басшысы Б.Жайкин алғашқы кезеңде сәл буындарының болар-болмас сырқырағанын айтады. Ал, бастапқы күндердегі қызудың көтерілуі, денедегі  әлсіздік дегендеріміз медициналық тілмен айтқанда қалыпты жағдай.

bekadil

"Ең бірінші, денсаулық өзімізге керек. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Әзірге әлем бойынша індетке екпе ғана тосқауыл болып тұр. Сондықтан жанұямның, қоршаған ортамның амандығы үшін де бұл екпенің маңызы зор деп есептеймін",-дейді ол.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT