23-25 тамыз аралығында Мақат станциясы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аумағында «Тоқтаңыз! Басып кету қауіпі бар» атты профилактикалық іс –шара өткізілуде. Мақсаты – тұрғындардан темір жол ережелерін сақтауды, пойыз астынан және белгіленбеген жерден өтуге болмайтындығын ескерту.
Жергілікті полиция басқармасының айтуынша, құқық бұзушылыққа жол берген тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.
Сонымен қатар, 23-29 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу, болдырмау, анықтау және қоғамлық тәртіпті қадағалау болып табылады.
Мақат ст. ЖПб бастығы
полиция аға лейтенанты
Е.С.Кулманов