COVID-19: Ауданда 17 адамнан вирус анықталды

(0 Votes)

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 317 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды. Жылыой , Исатай аудандарында - 25, Индер - 11, Қызылқоға - 14, Құрманғазы - 11, Мақат - 17 және Махамбет ауданында - 7 адамнан анықталған.

Коронавирус инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді.

Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 193, екінші облыстық ауруханада – 184, фтизиопульманологиялық орталықта - 63, кардиоорталықта - 94, т/ж ауруханасында – 86, облыстық ауруханада - 93, жатақханада - 78,

аудандық инфекциялық стационарларда – 309 және  Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 574 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT