Мақат ауданында 19-21 тамыз аралығында жергілікті полиция қызметі «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Мақсаты – кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу. Сондай-ақ, түнгі мезгілде жүрген жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардың мекен-жайларына барып, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.