АУДАНДА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АУДАНДА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
(0 Votes)

Бүгін орталық алаңдаңдағы рәміздер монуметінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мелекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту тұғырын көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, Мемлекеттік Ту көтерілді.

Әрі қарай сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан тұрғындарын Рәміздер күнімен құттықтап, бұл күн – туған жерге деген құрметті арттыруға, ел рәміздерін қадірлеуге, патриоттық рухты нығайтуға бағытталған тағылымды мереке екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрқашан биікте желбірей берсін деген тілегін білдірді.

Құттықтау легін жалғаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов әрбір азаматтың жүрегіне елжандылықты дарытуда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор, орны айрықша екендігін жеткізді.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.   

Одан бөлек, рәміздер алаңында мектеп оқушылары патриоттық тақырыпта суреттер салып, бұл іс-шара олардың рәміздерге деген құрметін арттырды.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT