Бүгін ауданда “Атырау ЭтноFest” фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті.
Алдымен аудан әкімі Азамат Мәмбетов фестивальге белсене қатысқан сала өкілдерін құттықтап, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ үздік өнерпаздар мен қолөнер шеберлері және фестивальге белсене қатысқан мекеме ұжымдарын арнайы алғыс хатпен марапаттап, арнайы гүл шоқтарын табысталды.
Әрі қарай “Қоғамдық кеңес” төрағасы Ерғазы Жоламанов сөз алып, жеңімпаздарға ақжарма тілегін арнады.
Кеш соңында аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ж.Қамза
Сурет автордікі