Мемлекеттік рәміздер – бала көзімен

Мемлекеттік рәміздер – бала көзімен
Сурет: автордікі
(0 Votes)

Бүгін Мақат кенті әкімдігінің кіші залында 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – бала көзімен» атты балалар байқауы өтті.

Кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен байқау Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін сурет салу өнерлері арқылы жеткізе білуі мен жас буын өкілдерінің ұлттық рухын шыңдауды, Мемлекеттік Рәміздерді құрметтей отыра, әр элементтерін жатқа білуді, авторларын құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат етті.

Байқауға ауданның кішкентай бүлдіршіндері қатысып, өз бақтарын сынады.

Нәтижесінде  І орынға Аружан Жүгінісова, ІІ орынға Диас Мәлсұлы, ІІІ орынға Назерке Нұрлыбекқызы ие болды.

Сондай-ақ «Креативті суретші» номинациясы бойынша Аслы Рашидқызы, «Патриот суретші» номинациясы бойынша Айзере Русланқызы, «Ең кішкентай суретші» номинациясы бойынша Айшабибі Рахманқызы марапатталды.

Қатысушы барлық бүлдіршіндерге кент әкімі аппаратының арнайы естелік сыйлықтары табыс етілді.

  Г.Жұбанышқалиева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT