Аудан кәсіпкерлері үздіктер қатарында

(0 Votes)

Өткен жылды саралап, келер жылға жоспар межелеген сәтте үздіксіз аянбай еңбек еткен кәсіпкерлер елеусіз қалмады. Өткен аптада облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Жыл кәсіпкері – 2022» үздіктерді анықтау шарасы өткен болатын.

Байқауға 123 кәсіпкер өтінім жіберген. Кеш барысында олардың арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жетістіктерімен дараланғандары лайықты бағасын алды. Аталмыш шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев өңірдің экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді марапаттады.

0okijujnhbg

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз» деп атап көрсетті. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мемлекет саясатының ең негізгі бағыттарының бірі. Біздің өңірімізде бизнеске мейлінше қолайлы жағдайлар туғызу, бизнес-климатты жақсарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қарқынды шаралар атқарылып келеді. Жыл сайын облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламаға қатысушылардың, соның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкердің саны артып, нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі артты. Жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар іске қосылды. Осы ретте облысымыздан үздік деп дараланған кәсіп иелерін бүгінгі жеңісімен құттықтай отыра, еңбектеріңізге жеміс, табыстарыңызға береке, кәсіптеріңіздің нәсібін көрулеріңізге тілекшімін,- деді Қайрат Нұртаев.

Үздіктерді анықтау кешінде аудан кәсіпкерлерінің де мерейі үстем болды. Айталық, «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясы бойынша «Гүлмира» сауда үйінің иесі Алтынай Қайнарбаева және «Сауда саласының үздігі» номинациясы бойынша «Инабат» азық-түлік дүкенінің иесі Бекболат Қарабаев номинант атанды.

7hyf5vfvfcd44

Сонымен қатар облыс әкімі Серік Шапкеновтің алғыс хатымен «DossorDent» тіс емханасының басшысы Әділбек Идиятов және «Шабыт» шығармашылық дамытушылық оқу орталығының жетекшісі Эльмира Мусина марапатталды. Және де адал қызметі үшін Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Гүлназ Едігеева «АТАМЕКЕН» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы Райымбек Баталовтың алғыс хатына ие болды.

6gtf65fvf55

«Бұл мәр­тебелі шара ғана емес, бизнес жетістігін таныс­тыруға, тәжірибе алмасуға, серіктес іздеуге және жаңа шарттар жаса­суға арналған бірден-бір алаң. Сонымен бірге, бұл – кәсібін нәсіп еткен жандарды ынталандыратын сайыс. Осы байқау арқылы жеңімпаздар өзі­нің мақсатты аудиториясын кеңейтіп, сарапшылар кеңесін алып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады десе де болады. Барша жүлдегерлер бұл марапат бүгінге дейін бірге еңбек етіп келе жатқан ұжымның арқасы деп біледі»,- дейді Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Гүлназ Едігеева.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521