Өнерлі өрендер кеші өтті

(0 Votes)

Мақат балалар өнер мектебінің ұжымы Балалар жылын қорытындылап «Ұлт болашағы дарынды балалар» атты есептік концертін берді. Аудандық мәдениет үйінде өткен шараны мектеп директоры Дәулеткерей Нәсіпқалиұлы ашып, өнерлі балаларға жылы лебізін білдірді.

Есептік концертке 107 оқушы және оқытушылар да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бір мың бұралып би билесе, бірі әуелетіп ән шырқады. Енді бірі түрлі аспаптың құлағында ойнап, кештің көркін кіргізді.

img_9834

img_9833

img_7196

Концерт соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев құттықтау сөз сөйлеп, мектеп директоры Дәулеткерей Нәсіпқалиұлын, домбыра-тенор мамандығының оқытушылары Ерасыл Русланұлын, Ернар Бекболатұлын, сырнай мамандығының оқытушысы Армангүл Нұрлыбекқызын алғыс хатпен марапаттады. Көрермендер керемет әсерге бөленіп, кеш жоғары деңгейде өтті.

 

З.Дюсенова,

 Мақат балалар өнер мектебі

директорының оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521