Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов қоғамдық ахуалмен жақынырақ танысу мақсатында аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында алдымен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ахметжан Сарыұлы аудан басшысына кеңес мүшелерін таныстырды.
Одан соң ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы да айтып өтті.
Атап айтқанда білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы саласы, жұмыссыздық мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар, қажетті мамандар даярлау, жұмыс орындарын ашу, көлік жағдайы туралы мәселелер қозғалды. Одан бөлек, кәсіпкерлік саласына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде аудан әкімі Азамат Саматұлы алдағы уақытта халықтың сенімінен шығып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бағытында кеңес мүшелерімен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, атқарылып жатырған жұмыстардың барлығына қашанда қолдау білдіретіндігін айтып өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Мәмбетов өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлестері мен өлшеусіз еңбектері үшін қоғамдық кеңес мүшелерін «Ауданның 100 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен марапаттады.
Ә.ҚАСЫМ