Жаңа жыл қарсаңында ауданға облыс әкімдігінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар жеткізілді. Мерекелік сыйлықтарды аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиналған он шақты ерекше балаларға үлестірді. Ол ата-аналар мен балаларды келе жатқан жаңа жылымен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Айта кетейік, қазіргі таңда ауданымызда 481 ерекше балалар бар. Сыйлықтардың қалғаны балалардың үйіне жеткізіліп, оларды қуантатын болады.
«Қуантсаң, баланы қуант!» - дегендей, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған әкімдікке ата-аналар да өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Осы ретте балаларды қуанту мақсатында жасалған игі істер үнемі жалғасын таба берсін дейміз.
Ә.Қасым