Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай каратэ-додан жасөспірімдер арасында Атырау қалалық чемпионаты өтті. Аталмыш сайысқа Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас каратэшілері қатысып қайтқан болатын.
Сайыс нәтижесінде Азамат Сағызбай, Бейбарыс Амандық І орын және Медина Эдуард, Орынгүл Орынбасар, Бексұлтан Алдаберген, Нұржігіт Жексенбай ІІІ орынмен марапатталды.
Сондай-ақ, спорт мектебінің каратэ-до үйірмесінің оқушылары облыстық спорттық және дәстүрлі каратэ-до федерациясына емтихан тапсырып, 16 жасөспірім сары белбеуін сәтті қорғады.
Өз тілшіміз