Әр азаматтың парызы

(0 Votes)

Президент сайлауы – тек мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағының жарқын болуы үшін де жасалатын маңызды қадам. Сол себепті оған қатысу, жауапкершілік таныту әрбір қазақстандықтың азаматтық құқығы.

Жалпы, сайлау деген ол елдің болашағын айқындайтын керемет бір сәт. Әлем мың құбылып тұрған заманда халықтың бір сеніммен, қайтадан бір күш жиып, бір тудың астына топтасып жұмыс жасауы үшін бұл сайлаудың өтіп жатқаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, еліміз үшін жасалып жатырған маңызды қадамнан ешбіріміз тыс қалмай, белсене атсалысуымыз керек. Одан бөлек, халықтың президентті тікелей сайлауы – елдегі саяси-демократиялық жүйенің ашық екенінің айқын көрінісі. Кезектен тыс сайлаудың әділ өтетініне халықтың сенімі де мол. Сондай-ақ, бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді. Әлеуметтік жағдайымыз тұрақты, экономикамыз дамыған заманда ертеңгі болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат дауыс беруден қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан, Тәуелсіздігіміз баянды, мәңгілік ел болсын десек, Президент сайлауына белсенді түрде қатысайық. Себебі, әрбіріміздің дауысымыз маңызды.

Қазір қоғам арасында «менің дауысым маңызды емес» деген ой қалыптасқаны жасырын емес. Бұл – жаңсақ пікір. Себебі, ел болашағының мығым болуы үшін әр азамат үлес қосуы керек. Президенттің өзі де әділ сайлау өтетіндігін айтқан болатын. Оған кепілдік беретінін де айтты. Біздің күтереміз – елдің болашағы жарқын болу үшін мықты азамат, мықты Президент сайлап, алдағы күнге нық қадам басу.

 

Е.МАҚСОТОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT