Бірлігіміздің белгісі

(0 Votes)

Сайлау – ел дамуының бағдарын айқындау үшін ұйымдастырылатын маңызды іс-шара. Бүгінге дейін халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ұсынылған бағдарламалар мен реформалардың бастамасы көңіл қуантады. Сондықтан да осы науқанда ел тұрғындары бір тудың астына жиналғандай, бірлік көрсетуіміз керек.

Президент сайлауы – болашаққа бастар даңғыл жол. Биыл 2024 жылға жоспарланған сайлау мерзімінен бұрын өткелі тұр. Қазіргідей геосаяси жағдай өршіп тұрған уақытта бұл аса маңызды саяси науқан. Ел билігі солай деп шешім шығарғаннан кейін сын сағатында басшымызды ертерек анықтап алу дұрыс та шығар. Себебі 2019 жылдың өзінен бері әлем аренасында сан түрлі өзгерістер болып, ертеңгі күн қандай жаңалық ап келетінін білмейтін кезде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан геосаяси тұрғыдан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасын дұрыс деп қолдаушылар көп. Бұл жолғы сайлау кандидаттардың көптігімен ерекшеленбек. Президентке деген талаптардың арасынан «5 жыл мемлекеттік қызметте жасау керек» деген пунктты алып тастағанда бәлкім өз-өзін ұсынатын кандидаттардың қатары бұдан да көп болатын ба еді?! Сонымен қатар, Парламенттегі партиялардың коалиция болып бірауыздан қазіргі Президентті қолдауы да бұрын-соңды болмаған жағдай. Тағы бір айта кететіні, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жылдан екі мерзімге отырса да, биыл 7 жылға кері сайланса да 2029 жылы билікті тапсырады. Сондықтан ол өз мерзімін ұзартып тұрған жоқ. Ал, одан кейін ел тізігінін ұстайтындар бір мерзім ғана отыра алатындықтан, берілген 7 жылдың ішінде бар жоспарларын іске асырып үлгеруге тиіс болады.  Президентімізді осылай әр 7 жыл сайын ауыстырып тұрсақ, мемлекетімізге жақсы болмақ.

С.ХАЛЕНОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT