Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан әкімінің орынбасарларын қабылдады.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин мәлімдеме жасап, аудан бойынша 2024 жылы коммуналдық салада атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар есебін баяндады.
Одан әрі аудандағы әлеуметтік сала бойынша проблемалық мәселелер және 2025 жылы атқарылған жұмыстар турасында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова мәлімдеме жасады.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы аудан әкімінің орынбасарларына кәсіпкерлік саланы дамыту, коммуналдық мекеме ашу, тазалық саласы бойынша жұмыстарды жандандыру, жер телімдері, бос ғимараттар мәселелерін шешу, кадр резервін қалыптастыру, маман тапшылығын жою, білім сапасын көтеру, жұмыссыздық және мемлекеттік гранттар бойынша жұмыстарды оңтайландыру, әлеуметтік және коммуналдық сала бойынша 3 жылдық кешенді даму жоспарын дайындауды тапсырды.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі