«Алтын белгісін» ақтай алмады

(0 Votes)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары білім алуға ұмтылған жастың алғашқы бәйгесі. Ауданымызда ҰБТ өткен аптаның бейсенбі күні өтті.

Түлектер жылдағы дәстүр бойынша Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте орналасқан №763 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің №34 филиалына жиналды.

Мемлекеттік сынаққа қадам басқан түлектер алдындағы салтанатты жиынның ашылуында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев пен еліміздегі Білім және ғылым министрлігінен келген комиссия өкілі Қайрат Ахметов түлектерге сәттілік тіледі. Тесттің жүргізілу барысына министрлік өкілдері, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен арнайы құрылған комиссия мүшелері қатысты. Тестілеу емтиханына 7 мектептен 172 талапкер қатысып, қазақ және орыс тілдерінде бес пәннен сынақ тапсырып, 3 сағат 50 минут уақытта білім деңгейлерін көрсетті. Биыл мектеп бітіруші түлектердің 69,4 пайызы қатысып, орташа балл 61,1 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда білім сапасында 7,2 пайызға өсім бар.

Еске сала кетер болсақ, оқу жылының басынан ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын нығайту, тестілеу өткізу пунктіне бейімдеу мақсатында 7 рет аудан көлемінде байқау сынағын өткізген болатын. ҰБТ өткізу пунктінде 10 4G ұялы телефон сигналын тұншықтырғыш, 1 жиектемелі металл іздегіш, 2 қолға ұстайтын металл іздегіш құралдары қолданылды. Сынақ кезінде «Алтын белгіге» ие оқушылардың бірде біреуі білім дәрежесін көрсете алмады. Әрине, өкінішті. Ең жоғары балл «111» болды. Ол Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің оқушысы Бақберген Иманқұловтың көрсеткіші.

ҰБТ жаңа форматы бойынша мектеп түлектері 5 пәннен тест тапсырды. Олардың 3-еуі барлық білім мамандықтарына түсу үшін міндетті пәндер болып табылады, ал қалған 2 пән әрбір нақты мамандықтарға сәйкес болады. Бұрын түлектер кейбір пәндерден «2» алды немесе «Алтын белгіге» деген ұғымдар қоғамда жиі айтылатын. Жаңа форматта түлектер аттестатын өзі оқыған мектептен алып келеді. Түлектер шектік деңгейден асты немесе асқан жоқ деген ұғым болады. Яғни, 50-140 балл жинаған түлектер ЖОО-ға түсуіне және мемлекеттік грантқа, конкурсқа қатыса алады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521