"Алтын адам" атанды

(0 Votes)

Өнерлі шәкірттерді шыңдап, таланттарын паш етуде аянбай тер төгіп жүрген Мақат балалар өнер мектебінің ұстаздары марапатқа бөленді.

w

w

w

Өнер ұжымы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының «АЛТЫН КІТАП» ҚР Білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика саласындағы үздік қызметкерлердің ІІІ республикалық энциклопедиясына енді.

Білім саласының дамуына қосқан үлесі және кәсіби салада жеткен нәтижелі жетістіктері үшін Мақат балалар өнер мектебінің директоры Д.Маулекенов және директордың орынбасары А.Дүйсенов «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Оқытушылар Л.Куаншалиева, Р.Қартбаева, М.Есенғалиева, Н.Исалиева, Р.Түсіпқалиева, Г.Омарова, Р.Турсиева "Білім беру саласының үздігі" төсбелгісімен және Қ.Ильясов, С.Қайрошов «Алтын адам» төсбелгісінің иегері атанды.

Мерейлі марапатқа бөленген өнер ұжымының алар асуы алда.

М.Ізтұрғанова,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521