Әскерилер кәсіби мерекемен құттықтады

(0 Votes)

Ел мүддесі үшін тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау - табысты қызмет етудің кепілі.

i

Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамы және бөлім басшысы Е.Амиров әріптестерімен бірге тоғысқан кәсіби мерекелер тұсында аудандық аурухана қызметкерлері және "Мақат тынысы" газетінің ұжымын құттықтады.

Аталмыш мекемелерге әскерилер лебізін аяқтай келіп білдірді.

Әскери-патриоттық өмірді және әскердің тыныс-тіршілігін газет бетіне жариялауда тынымсыз еңбек етіп жүрген тілшілерге деген алғыс хат газеттің бас редакторы Гүлзада Есмырзақызына табысталса, әскерге шақырушыларға қатысты шығарылған шешімдерге тікелей негіз болатын медициналық куәландыру нәтижелеріне өз үлестерін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне деген риясыз көңілін Асулан Нурболанұлына берілген алғыс хат арқылы жеткізді.

Еңбектері еленіп жатқан қос ұжым да өз алғысын білдіріп, болашақта бірлесіп бұдан да биік шыңдарға жетейік деген тілек білдірісті.

А.Садықов,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521