Мемлекеттік қызметшілер тағы бір қырымен танылды

(0 Votes)

23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне арналған кезекті шара орталық алаңда мерекелік концертпен жалғасын тапты.

i

i

"Мемлекеттік қызмет - ел мүддесіне адал еңбек" атауымен өткен мерекелік кешті аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов құттықтау сөзімен бастады. Жан-жақты білімімен дараланып,үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген білікті маман иелері бұл шарада тағы бір қырларымен көзге түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Доссор кенті әкімінің орынбасары Гүлнар Ерғожиева әріптестеріне Мұхтар Шахановтың "Тілегін" оқып берді. Әрі қарай "Ерке сылқымды" аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Балнұр Примбетова орындаса, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің дауысына көпшілік тәнті болды.Осы шарада Мақат кенті әкімінің орынбасары Салтанат Хамидуллина әріптестеріне жүрекжарды құттықтау өлеңін арнады.

i

i

Мерекелік шараны Доссор кенті әкімдігінің қызметшілері, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы Динара Китенбаева,Әсемгүл Күнбаева, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Аида Муканова, Мақат кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, арнау өлеңін оқыған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айгүл Түлкібаева, күмбірлетіп күй төккен Зарина Дүйсеновалар толықтырды.

i

i

Әсерге толы әдемі кешті Эльмира Аманғалиева әуенімен түйіндеді. Ортақ еңбек, бірлескен ізденіс, топтасқан болмыспен елдің ертеңі үшін тер төгіп жүрген мемлекеттік қызметшілер қашан болса да халықтың көңілінен шығуға дайын екенін тағы бір дәлелдегендей болды.

А.Садықов,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT