Алғысымыз шексіз...

(0 Votes)

Тату тірлігі мен берік бірлігі жарасып, әр ұлтқа сая болған құтты мекен Доссор кентінде 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай «Алғысымыз шексіз» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Шәкір Кейкин айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталды.

img_7477

«Тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Елімізде тұратын көптеген ұлттар қазақ халқының дархандығы үшін, қиын кездерде қол ұшын созған кең пейілдігі үшін алғыс айтады. Қазіргі таңда еліміз сан ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналды.

Қорыта келгенде мерекелік алгоритімнің бәрі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге септесуі тиіс»,- деп барша өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, жиында Евсюкова Ирина сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан жүрегі кең, көңілі дархан қазақ халқына алғыстары шексіз екендігін жеткізді. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

img_7491

Мақат балалар және өнер мектебінің хор ұжымы «Қараторғай», «Крылатые качели» және «Әжелер» ансамблі «Қайдасың?», «Қыздар-ай» әндерін шырқап, мерекені қыздыра түсті. Домбырашы Сағидолла Қайрошев «Жұмыр қылыш» және «Ақ жауын» күйлерін орындап, қазақ домбырасының құдіреттілігін танытты. Әр ұлттан құралған «Этнос» ансамблі «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, көрермендерді бір серпілтті. «Еркем-ай» би тобы әр ұлттың биін біріктірген «Достық» биін мың бұрала биледі. Шара соңын А.Садуақасова мен А.Әбілқасова «Алғыс» әнімен қорытындылады. Мерекелік кеште өнер көрсеткен өнерпаздарды аудан әкімі Ш.Кейкин марапатқа бөледі.

i

Сондай-ақ, көрермендерге естелік сыйлық таратылды. Кеш соңында Алғыс дастарханы жайылып мерекелік шараға қатысушылар ақ дастарханнан дәм татты.  

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT