Электронды кілт шаруаны үйлестіреді

(0 Votes)

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. «Электрондық үкімет», «Е-лицензиялау» веб портал жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілетін қызметтер, техникалық инспекция саласында басты терминдердің бірі- электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болды.

Электрондық сандық қолтаңба бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит және құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.  Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің және іскерліктің керегі жоқ. Үйден шықпай, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз. Интернет арқылы қазіргі заман негізінде ең аз шығынмен аса тиімді қарым-қатынас жасай аласыз. Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді. ЭСҚ пайдалана отырып, сіз аудан ғана емес, сондай-ақ облыс, республика, мемлекеттік органдар вертуалдық қабылдауына өтініштерді  жүзеге асырасыз. Бұл қызмет азаматтарға өз өтініштерін тапсыруға мүмкіндік және тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан жауапты әрекетіне кепілдік береді. Электрондық  сандық қолтаңбаны алу қызметі, халыққа қызмет көрсету орталығында тегін көрсетіледі.

Г. Сатиева

аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз