Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ірі жобаларды іске асыру барысына күнделікті мониторинг жүргізу тәжірибесін енгізді. Мониторинг конкурс жарияланған сәттен бастап жүргізіледі, бұл мемлекетке зиян келтіргенге дейін, алғашқы сатыда бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланудың ықтимал белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сектор шығыстарының негізгі бөлігін құрайтын мемлекеттік сатып алу кез келген елдің экономикасының тұрақты дамуын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде әрекет етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу үдерісіне 18 мыңнан астам Тапсырыс беруші мен 80 мыңнан астам өнім беруші тартылды. Мемлекеттік сатып алу көлемінің жыл сайынғы өсу үрдісі байқалды. 2016 жылмен салыстырғанда бюджет бұл салаға жұмсалатын шығындарды 3 есеге арттырды (1,4 трлн-нан 5,8 трлн-ға дейін). Бүгінде бұл сома 6 трлн теңгені құрайды. Бұл елдің барлық шығындарының жартысы (12 трлн). Квазимемлекеттік сектор жүйесінде бұл сома бірнеше есе көп. Бюджет қаражатының мұндай айналымы тиісінше жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады. Оның дәлелі-біздің күнделікті тәжірибеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркейтін әрбір алтыншы сыбайлас жемқорлық фактісі (1706-дің 305-і) мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Олар бойынша шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады. Жалпы қылмыстық схемалармен нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техникалық спецификациясы бар махинация, жалған актілерге қол қою бұрынғысынша қалып отыр. Осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында Департамент мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларына талдау және мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар, соның ішінде заңнамалық сипаттағы ұсыныстар енгізеді. Департаментпен мемлекеттік сатып алудың жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында бір тауарды әр түрлі мекемелер негізсіз жоғары бағамен жариялағаны анықталды. Мәселен, Атырау облысы білім беру басқармасына қарасты «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» ММ-сі 1л айранды 450 теңгеге сатып алу кезінде жалпы сомасы 38000 теңге артық қаражат жұмсады (1л-260тг), ал 1-3% майлылығы бар сүт өнімін 1 л – 350 теңгеге сатып алып (1л-210тг), бағасын жалпы сомасы 98 000 теңгеге жоғары бағалаған. Дәл осы секілді жоғары бағамен сатып алу фактілері шай (1кг-3500тг), кептірілген жеміс-жидектер (1кг-1000тг) сатып алу кезінде байқалды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мемлекеттік органдардың көп бөлігі А4 форматтағы ақ қағаз алуда. Олардың сомасы 1 дана үшін 1800 теңгеге дейін жетеді. Мысалы, "Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округінің әкімі аппаратымен" 1700 теңгеден алса, Құрмангазы ауданы, КГУ "Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі" және "Лабай ауылдық клубы" 1800 теңгеге 45 данасын жалпы сомасы 81 000 теңгеге алуда. Қазіргі таңда нарықтық бағаға сәйкес А4 форматындағы ақ қағаздың 1 данасы – 1450 теңге, яғни жоғарыда аталған мекемелермен тауар 15 750 теңгеге жоғары бағаланған. Сонымен қатар, жоғары бағалар Құрманғазы аудандық «Турмыстык кызмет» мекемесінде байқалады. Мәселен, мекемемен 1 дана «картридж тонерный черный» 80 000 теңгеге алынуда. Бұл бағаға 1 емес 2 принтер алуға болады. Атап өту қажет, картридждың нарықта бағасы 20 000-нан аспайды.Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің бағалары Департаментпен қатаң бақылануда. Бұл ретте базарларда, сауда орталықтарында 19 азық түлік өнімдерінің бағаларының тұрақтылығына мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезіндегі азық түлік өнімдерінің бағалары да назардан тыс қалмайды. Мысалы, 1-3% майлылығы бар сүт өнімінің 1 литрін «Атырау областық туберкулезге қарсы диспансер» 250 теңгеге алуда, алайда нарықтық бағаға сүйінсек, 1 л – 215 теңге тұрады. Осыған орай, аталған мекемемен сүт өнімін сатып алу кезінде 1 112 000 теңгеге жоғары бағаланды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің №666 және №1027 бұйрықтарына сәйкес бала емізетін аналардың, балалардың ауруы болуына байланысты баланы бейімделген сүт қоспасымен жергілікті денсаулық сақтау мекемелері қамтамасыз етеді. Алайда, бұл қоспаларды мемлекеттік сатып алу кезінде де жоғары бағамен сатып алынатындығы анықталды. Мәселен, «№1 Атырау қалалық емханасы» 1 дана қоспасын 2679 теңгеге алуда, алайда нарықтық бағаға сәйкес мемлекеттік сатып алу хабарландыруындағы қоспалардың сомасы 2000 теңгеден аспайды. Яғни, бұл тауар 1 323 212 теңгеге жоғары бағаланған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тауарлардың нақты үнемдеу сомасы сәуір айында 2 662 712 теңгені құраса, 2020 жылдың 1 тоқсаны аясында 14 347 094 теңге үнемделген болатын.