Рамазан айының алғашқы күні мақаттық 30 отбасы қуанышқа бөленді

(0 Votes)

Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанда көптеген қайырымдылық жасалып, кейбір жабырқаулы жандар жүрегі мейірім шуағымен нұрланады. Осындай ұлағатты істің үлгісі ауданымызда рамазан айының алғашқы күнінде көрініс тапты.

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудандық орталық мешіті мен жастар ресурстық орталығы кеңесімен қайырымдылық қоры ашылған болатын. Тұрғындардан жиналған садақаға әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен қолдау көрсетілді. Ал, ауданның ерікті жастары қайырымдылыққа үн қосып, 30 шаңыраққа тиесілі қолдауды аяқтай жеткізіп берді.

2

Азық-түлік себетінде әлеуметтік маңызы бар 5 келі ұн, 5 келі күріш, 1 келі секер, 2 литр күнбағыс майы, 2 дана сүт, шай және екі түрлі макарон өнімдері бар. Осыдан бұрын да тұрғындардың садақасына 21 отбасыға көмек көрсетілген болатын. Ал, бүгінгі шара қасиетті айдың алғашқы күнінде тұрғындарға ауызашарға жасалған сый іспеттес болды. «Садақа беріп адамдарға жақсылық жасау мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай тек Алланың разылығын ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен риясыз жәрдем етіп көмек қолын созу – жоғары адамгершілік қасиет. Алла Тағала Рамазан айында ораза ұстаған және садақа бергендердің қарымтасын өзім берем деген. Сондықтан, барша аудан тұрғындарын осындай игі іске жұмылып, бірігуге шақырамын»,- дейді Мақат аудандық орталық мешітінің Бас имамы Біләл Сағындықов.

b96b318f-c21b-4af2-8afd-36541b8d5f3e

Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бұл күні ерікті жастар мен ынталы топ өңірдегі көмекке зәру адамдар мен мұқтаж отбасыларды анықтап, қолдан келген көмекті аямауда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521