АЭС салу Қазақстандағы ғылым мен өнеркәсіпті дамытудағы маңызды қадам

(0 Votes)

Жобаның маңыздылығы жоғары. Атом электр станциясын салу Қазақстандағы ғылым мен өнеркәсіпті дамытудағы ұтымды қадам болуы мүмкін. Атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс.

Құрылыстың мультипликативті әсері ғылым үшін, өнеркәсіп, кадрлар даярлау үшін де сөзсіз тиімді болады. Атом электр станциясынан ешқандай зиян болмайды, өйткені бүгінгі күні III және III+ буын реакторының құрылысы ұсынылады. Бұл реакторлар белсенді және пассивті заманауи қауіпсіздік деңгейлерімен жабдықталған. Реактор қалыпты жағдайдан шыққан жағдайда қауіпсіздік жүйесі оны оңтайлы жұмыс режиміне қайтарады. Бұл технологиялар экологиялық қауіпті барынша азайтады және қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Ерлан БАТЫРБЕКОВ,

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521