Бізге керегі – шексіз энергия

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауын оқып шықтым. Жолдауда Президент қазіргі қоғамымызда алаңдатқан өзекті мәселелерді ортаға салады. Әсіресе, Жолдаудың төртінші тарауында алдымен энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында өзекті мәселелерді шешу қажеттігін көтерген екен.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін», - деді Президент.

Энергетика саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп, тәжірибе шыңдап келемін. Шынында да, елімізде электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Қазір елімізде халықтың саны да өсуде, жаңа ғимараттар көптеп салынуда. Бүгінде компьютер, теледидар, телефон, тоңазытқыш, салқындатқыш сынды қажеттіліктердің бәрін электр құрылғыларынсыз елестете алмаймыз. Өнеркәсіп саласын ілгерілету, шағын және орта бизнес саласын дамыту да энергиясыз іске аспайды. Заманына сай қазір әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Болашақта оның мүмкіндіктерінің өте зор екенін естіп білудеміз.

Елімізде де осы саланы дамытуға ден қойылып отыр. Бұл заманауи саланы дамыту да электр энергиясына келіп тіреледі. Анығы сол, уақыт озған сайын энергия тапшылығы ұлғайып, сұраныс арта берері сөзсіз. Бәрібір энергияның жаңа көздерін табу қажет болады. Сондықтан елдегі энергияның тапшылығын реттейтін бір жолы – бейбіт атом энергиясын дамыту қажет. Сондықтан алдағы 6 қазанда өтетін Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға көпшілік бейжай қарамай, белсенді атсалысады деген сенімдемін.

Елдар АЙТҚАЛИЕВ,

«Атырау-Жарық» АҚ Индер филиалының аға шебері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521