Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасынан 2 адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Олар –Атырау облысында Covid-19 инфекциясын алғаш жұқтырғандар. Бүгін, 12 сәуірде инфекциялық стационардан қауіпті індеттен айыққан 2 адам шықты. Біреуі –14 жасар қыз, екіншісі – 19 жастағы жігіт. Екеуі де 27 наурызда инфекциялық стационарға жатқызылған болатын» -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Еске сала кетелік, Атырау облысында корнавирусты жұқтырған 59 адам тіркелген. Бұған дейін елімізде 5 адамның коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді.