Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған.
![]()
Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған.
![]()
Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар жұмылдырылды. Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: ӨКҚ


