Қазақстандағы ең ірі сауда орталығы ашылды

(0 Votes)

Кеше елорданың қарқынды дамып жатқан ауданында «Абу-Даби Плаза» сауда орталығының ашылуы өтті.

Сауда орталығы көпфункционалды кешеннің барлық ғимараттарын біріктіреді. Оған жалпы ауданы 26000 м2 болатын екі деңгейде орналасқан 100-ден астам дүкен сияды.

Бірінші айда премиум санаттағы Galmart супермаркеті және Кидбург балаларға арналған Қазақстандағы алғашқы кәсіптер қалашығы жұмыс істейді. Алдағы екі айда бірқатар мейрамханалар мен кафелер келушілерге есіктерін ашпақ. Алғаш рет Reserve, Reserve Kids, Cropp, Mohito, House секілді әйгілі әлемдік брендтердің дүкендері ашылатын болады. Кешеннің өзге ғимараттары әлі салынып біткен жоқ.

2019_12_03_16649e38898ccfcecc81

«Абу-Даби Плаза» – бас офисі Абу-Дабиде орналасқан Aldar Properties компаниясы тұрғызған кешен. Ғимарат жалпы аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан тұратын Орталық Азиядағы ең ірі мұнара. 311 метрлік ең биік мұнара 75 қабатты, онда кеңселер мен тұрғын үй-жайлар орналасады.

2019_12_03_b5c20d9180e40e8f1f81

Ал қалған төрт ғимаратқа 29 және 30 қабатты «А» санатындағы офистік екі мұнара, сәйкесінше пәтерлерге арналған 15 қабатты бір мұнара, 190 бөлмелі және 100 бірінші деңгейлі қызметтегі пәтерлер араласқан 4 жұлдызды Sheraton қонақ үйі, сонымен қатар, барлық ғимараттарды бір-бірімен байланыстырып подиум қызметін атқаратын сауда орталығы кіреді.

 Дереккөз:holanews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521