НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ҚР Қаржы министрлігінің ел тұрғындарының қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексеруге қатысты ұсынысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің ойымша, Қаржы министрлігі ақша аударымдарына (қолма-қол ақшасыз төлемдер) салық салуды көздеп отырған жоқ, бұл тұрғыда осы төлемдерден салық төленіп жатқанын көргісі келеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі тиісті шараларды бірлесе іске асырып жатыр. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісінің өсуімен қатар жүруі керек», - деді ҰБ төрағасы. Осы орайда ол бұл үрдіс дұрыс екенін, себебі ақша «көлеңкелі» айналымнан шағарылатынын атап өтті. «Атап айтқанда, «көлеңкелі» экономиканы азайту бойынша біздің бірлескен жұмысымыз оңтайлы нәтижелермен сүйемелденгенін қалаймыз. Жалпы, бұл тұрғыда Қаржы министрлігі тиісті ұсынысты жасады, сәйкесінше, бұл тақырыпты қазір талқылап жатырмыз. Осы талқылауға банктік қоғамдастық та қатысып жатыр», - деді Ерболат Досаев. Бұл тұрғыда ҰБ басшысы бүгінде еліміздегі банктердің бірі жүйе ішіндегі төлемдер бойынша ең озық қадамдарды енгізіп жатқанын атап өтті. Осы ретте банк Қаржы министрлігімен арнайы терминалдарды енгізуге қатысты мәселені пысықтауға дайын екенін жариялады.
Сурет: ашық дереккөзден