Волонтерлар жылын Атырау жастары қолдайды

(0 Votes)

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев аймақтағы жастармен және мұғалімдер қауымымен кездесті.

Кездесуді ашқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Атырау облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың оң көрсеткіштерін атап өтті.

Өңірдің белсенді жастары жастар саясатына қатысты мәселелерге назар аударды.Мемлекет тарапынан жастарға қолдау көрсету жайлы айтылды. Қатысушылардың бірі волонтерлер мәселесін көтерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жыл волонтерлер жылы болып жарияланды. Бірақ бұл қатарға колледж студенттері кіре алмайды.

Бердібек Сапарбаев Білім және ғылым министрлігіне осы мәселені қарауға тапсырма беретінін айтты. Елбасы жастар саясатын дамытуға үнемі көңіл бөліп келді.

Вице-премьер Волонтерлер жылы Жастар жылының логикалық жалғасы болатынын атап өтті. Алда жастар бастамаларын қолдау бағытында үлкен жұмыстар тұр.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та өз пікірін білдірді.

-Волонтерлар қозғалысы – бұл борыш, оны ықыласпен атқару керек. Өзіңді жылыту арқылы өзгелерге сәуле сыйла, қайтарымын күтпе деген сөз бар. Атырауда негізгі қызметі бар, бірақ бос уақытында жедел жәрдемге барып, адамдарға көмектесетін жігіт бар. Нағыз волонтерлық – осы,-деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер мен волонтерлар жиналды. Қатысушылардың бірі бизнестегі алғашқы қадамы жайында айтты. Жастар вице-премьерге өздерінің алғашқы жетістіктері туралы баяндады. Сапарбаев өз кезегінде арман жолында мүмкіндіктерді жіберіп алмауға кеңес берді.

Вице-премьер жастарды еңбек пен білімге талпынуға, азғырулар мен жат ағымдар жетегінде кетпей, бизнес негіздерін меңгеріп, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын мақсатты пайдалануға шақырды.

Бердібек Сапарбаев еліміздегі жастар қозғалысының маңыздылығын атап өтіп, дәстүрімізді ұмытпау керектігіне тоқталды. Болашақтағы өркендеуіміздің негізі де осы болмақ.

Өскелең ұрпақтың мәселелері облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиядағы оқытушылар құрамымен болған кездесуде де қозғалды. Бердібек Сапарбаев тәрбие мәселесіне тоқталды.

-Отбасы тәрбиесі, мәдени, моральдық-адамгершілік құндылықтарына қатысты да проблемалар бар. Мұны ашық түрде шешу керек. Осы бағытта педагогтердің көмегі керек,-деді вице-премьер.

Кездесуде сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесі туралы заң аясында қандай жоспарлар барын айтты. Мұғалімдер енді өздерін сенімді сезінетін болады. Дайындалған заң жобасы мемлекет басшысы қойған орта білім беру жүйесін дамыту, білім сапасын көтеру бойынша міндеттерге жауап береді. Заң жобасын дайындаудың басты идеясы мұғалімдердің жүктемесін қысқартып, тиесілі емес міндеттерді атқарудан қорғау, бос уақыттарын өздерін дамытуға, шығармашылыққа арнауға негізделген.

Ал аймақтардың проблемаларын қалай шешуге болады?

-Біз мұнда мұғалімдердің мәселелерін шешу үшін жиналдық. Мәселе -білім сапасында. Егер білім беру сапалы болмаса, тәрбие процесі де болмайды, бұл бізге пайдалы ма?-деп сұрады Бердібек Сапарбаев. -Балаларымызды отансүйгіштікке, үлкендерді құрметтеуге, білім мен еңбекке тәрбиелеуіміз керек.

Премьер-Министр орынбасары Атырау облысында бұл бағытта көп жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.

-Мемлекет басшысы қойған міндеттердің бәрін орындаймыз. Екі жыл бұрын облыстық бюджеттен мектеп түлектеріне 221 грант бөлінді. Оның 176-сы білім беру саласында, өткен жылы 150-ден астам грант берілді.Бірақ әлі күнге дейін бастауыш сыныптар мен орыс тілі мұғалімдері жетіспейді. Бұл проблема шешіледі.Үш ауысымдық мектептер мәселесін шешу үшін 9 мектеп салуымыз керек. Биыл 2 мектеп салдық. Алты мектептің құрылысы жүріп жатыр. Үш мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Өңірлік коммуникациялар Қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT