Қазақстандық азамат кокаинді асқазаны арқылы тасымалдаған

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті өзара іс-қимыл барысында Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті, деп жазды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы әуежайында кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстаған болатын.

Ұсталған адамды тексеру кезінде, оның ішінде Алматы қаласы қалалық клиникалық ауруханасы жағдайында емдеу мекемесінің медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар жолымен М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды.

«Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Л. Құрманбаева ұсталды, ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақшы болған. 2019 жылғы маусымда Алматы қалалық Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-б. және 286-бабы 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды», - делінген хабарламада.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT