Құтқарушының дайындығы сыналды

(0 Votes)

Қауіп айтып келмейді. Сондықтан адам баласы кез келген қауіптің алдын алу, сақтану ережелерін жақсы білуі қажет.

№8 өрт сөндіру бөлімі Мақат кентіндегі аудандық сот ғимаратында өрт-тактикалық сабағын жүргізді.

Кезекші қарауыл басшысы және жеке құрам ғимараттағы өрт сөндіру ерекшеліктері мен авариялық құтқару, көшіру жұмыстарын жүргізуді тәжірибе түрінде үйретуді мақсат етті. Қарауыл бастығы өрттегі жағдайды бағалауға, өрт сөндіру кезінде барлау жұмыстарын жүргізіп шешуші бағытты табуға, өрт сөндіру кезінде жедел шешім қабылдап, бөлімшенің тәсілдік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, жеке құрамның қауіпсіздік техника талаптарын сақтауды қадағалады. Осы сәтте бөлімше командирі жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдары және жауынгерлік есеп бойынша өрт сөндірушілердің өзара бірлесіп іс-қимыл жүргізілулеріне басшылық жасауға машықтанды.

Өрт шыққан кездегі жүргізушінің қимыл іс-әрекеті де маңызды. Ол жол жүру ережесінің талаптарын сақтап, өрттің басында өрт автокөлігін су көздеріне орналастыра білуді, өрт сорғышымен жұмыс жүргізуі қадағаланды. Тактикалық сабақ кезінде барлық қызметкерлердің біліктілігі сыналды. Сондай-ақ, сот қызметкерлеріне де оқиға орын алған кездегі қимыл іс- әрекеті нақтыланды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT