Теміржол бойында жеке бас қауіпсіздігін сақтау – басты шарт.
Бірақ, ересек адамдар мен балалар өзінің қауіпсіздік ережесін ұмытып жатса, олардан не күтуге болады. Тұрғындар көбіне теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өту, әртүрлі жастағы азаматтардың ойсыз әрекетінен, олардың теміржол бойында ең қарапайым жол ережелерін сақтамауынан, жүріп бара жатқан құраманың алдынан жүгіріп өту, құрамалардың астынан өту секілді әрекеттерінен жайсыз жайттар орын алып жатады. 2019 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша теміржол бойында 9 қайғылы жағдай орын алды.
«ҚТЖ «Жүк тасымалы» АҚ-ның пайдалану жұмысы жөніндегі басшылықтың тікелей нұсқамасымен ай сайын мектеп оқушыларымен бірігіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушыларымен кездесудегі мақсат - балалар өмірінің қауіпсіздігін сақтау, оқушыларды темір жол аймағында абай болуға шақыру. Себебі, кез келген уақытта бір жақтан пойыздың шыға келуі, екінші жолда пойыздың жақындап қалғанын байқамай қалуы, тоқтап тұрған құраманың жүріп кетуі мүмкін. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында станцияға кіре берісте дауыс зорайтқыштың көмегімен келіп-кетіп жатқан пойыздардан өзге маневрлік қозғалыстар, вагондарды қосу-ағыту туралы да үздіксіз хабарланып тұрады. Қауіпсіздік жайлы көрнекі жерге аншлагтар орнатылған.
Мамыр айының соңында балалардың жазғы демалыс кезеңі басталды. Жазғы уақыт балалардың бос уақыттарының көптігін ескере отырып, ата-аналар үйлерінде балаларға теміржолдан өтерде арнайы белгіленген жерлермен, жаяу жүргіншілер көпірімен өту керектігін, темір жол аймағынан аулақ болуларын мұқият ескерткені жөн.
Т.Қанатбаева ,
Мақат станциясының қауіпсіздік жөніндегі инженері