Көліктегі полиция департаментінің жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру батальонының 3 рота 2 взводының қызметкерлері «Мақат-Бейнеу-Мақат-Сағыз- Мақат» бағытындағы жолаушылар пойызында «Теміржол бойындағы кездесу» шарасын өткізді.
Шара барысында «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасы түсіндірілді.
Әсіресе, жолаушылар пойызында жүру тәртібі мен жеке мүліктерді сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Халыққа қылмыстық оқиға, ұрлық қарлық орын алған кезде арнайы хабарламалар арқылы дереу көлік полицейлеріне жеткізу керектігі айтылды. Сол секілд сапар барысында бейтаныс адамдарға ұялы телефон пайдалануға бермеу, кездейсоқ адамдармен пойыз купесінде жеке мүлік, құжат, ұялы телефон сынды заттарды қараусыз қалдырмау, тағы сол секілді қауіптің алдын алу жайы жазылған ескерту қағаздары таратылды.
Өз тілшіміз
Сурет: Ашық дереккөз