Әзілкештер-Мақатта

(0 Votes)

Мәдениет үйінде Мақат жастары қоғамдық бірлестігі мен КТК лигасы ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар клубы» ойынының «Маусымашар-2018» фестивалінің бірінші лигасы өткізілді.

Әдемі әсерлі әзілдер мен ән-биді тамашалауға мәдениет үйіне жастар көптеп жиналды. Сахна шымылдығын Ж.Сапаров ашып, сахна төріне сайысқа қатысушы 11 команданы шақырды. Сондай-ақ, қызықты ойынды тамашалаушылар қатарында «Атырау» көңілді тапқырлар клубының директоры Е.Сакупов, «Сағыз» құрамасының капитаны Ж.Сапаров, «Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінен А.Қангеерева мен КТК лигасының директоры Ә.Хасанов болды.

Топтардың барлығы да қызықты да өнегелі ойын өрнегін көрсетті. Көңілді тапқыштар сәлемдесу кезеңі бойынша өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысымен ойынға қатысқан командалардың барлығы ¼ лигасына жолдама алды. «Жайдарманға» қолдау білдірген «Жастар ресурстық орталығы» мен ЖК «Мырза» фотосалоны, ЖК «Кәусар» оқу орталығы, ЖК «Айтиком» компаниясына алғыс хаттар табыс етілді.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT