«Доссор құрамасының» кеші

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйінде облыстық КТК ойындарының ширек финалына жолдама алған «Доссор құрамасы» тобы қағытпа әжуа мен ойлы күлкі көрігін қыздырып, өздерінің жеке әзіл кешін өткізді.

«Ойын-арзан, күлкі -қымбат» екенін жете түсінетін жігіттер көңіл сергітер уытты қалжың, қызықты суырып салма тапқырлығымен көрермендерді тәнті етті. Қоғамның түйткілді мәселелерін қалжыңмен түйреп, шынайы әзілдерін моншақтай тізді. Әдемі әзіл мен әсем әнді тоғыстырған керемет кеш кент тұрғындарының езуіне күлкі үйіре білді. Жалпы, «Доссор құрамасы» биыл құрылған.

Құрамында Ізтілеуов Әділхан, Жалғасов Есенияз, Сағынғалиев Қанат, Серікұлы Данияр, Исмагулов Оразбек сынды өнерлі жастар бар. Жігіттердің әзілдерін әуенмен әрлеуші Аманжан Көркімбаев болса, жалпы топты құрған жетекшісі Сәуірбек Тарскиев есімді кенттің ардагер «жайдарманшысы». Осы құраммен олар Атырау облыстық КТК ойындарына қатысып, финалға жолдама алған болатын. Әзілді серік еткен жастарға, үлкен сахнада топ жаруларына сәттілік тілейміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT