Жүргізушілер таңдалды

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Конферансье - 2018» жүргізушілер байқауы өтті.

Әр түрлі бағыттағы мәдени шаралардың жүргізушілерін іздестіру, оларды халыққа танымал етуге бағытталған шараның бағалау критерийлері де сөйлеген сөздің айқындығы мен сөздің көркемдігіне, шеберлігіне аудиториямен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне мән берілді.

Сахнада сөйлеу мәдениеті мен дауыс ырғағын таба білген жүргізушілер монолог оқып, шебер орындап шықты.

Ойламаған жерден болатын техникалық ақаулардан шығу жолдарын іздеген үміткерлер біліктіліктерін салып бақты.

Келесі кезекте ресми шаралар мен тақырыптық кештер, телевизиялық бағыттағы әр түрлі шаралардың сценариін дайындап, оны көрерменге ұсына білген сайысқа қатысушылар көрерменнің көңілінен шығып жатты. Дегенмен, сайыс талабы бойынша орын берілді. Ә.Елемесова, С.Ерболұлы (Х.Санбаев орта мектебі) бас жүлдеге лайықталса, Г.Жұмағазиева (№8 өрт сөндіру бөлімі) бірінші орынды иемденді.

Екінші орынға Л.Латипова, А.Макенқызы (Л.Шахатов орта мектебі), үшінші орынға Н.Жұмабекова, Ж.Ғаниева («Болашақ» балабақшасы) ие болды.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT