"Жыл үздігі-2019" өз мәресіне жетті

(0 Votes)

"Ер мерейі - ел мерейі". Иә, бұл - біздің санамызда бағзыдан қалыптасқан ұғым. Бүгінде ауданымыздың жарқын болашағы үшін маңдай терін төгіп жүргендер аз емес. Өлкенің гүлденуі мен өркениетке қадам басуы жолында өз үлестерін бір адамдай-ақ қосып жүрген тұрғындарымыздың тұлғаға бергісіз амалдары елеп ескерілді бұл күні. Топ ішінен дара көрінген тұрғындарымыз үшін желтоқсанның жиырмасыншы жұлдызы ерекше туылды. Ерекшелігі сол, аудандық мәдениет үйінде "Жыл үздігі-2019" айрықша шарасы өтіп, өз саласының үздіктері марапатталды.

Сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әр салада өз үлестерін қосып жүрген үздік маман иелеріне іссапарда жүрген аудан әкімі Шәкір Кейкинұлының ыстық ықыласын жеткізіп, ауданның дамуы мен көркеюіне үздіктеріміздің  бар ынта жігерімен өз үлестерін қоса береріне сенім білдірді.
   Марапаттау рәсімінің кезегі келісімен үздіктердің көшін "Үздік мемлекеттік қызметкер" аталымымен Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлжан Берғалиқызы бастады.

img_8343

"Үздік әлеуметтік қызметкер" аталымы бойынша Мақат кенті әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Ақбержанова Жаңыл Бөкенқызы марапатталды.

img_3777

 "Үздік мұнайшы" атағы "Ембімұнайгаз" АҚ-ның, Доссормұнайгаз  "Мұнай-газ өндіру бөлімінің" №2-ші Қарсақ мұнай және және газ өндіру цехының бастығы Бисалиев Лұқпан Қапуұлына бұйырды.

img_3774

 Мақат аудандық мәдениет үйінің әдіскері Кенжиева Гүлбаршын Төленқызы «Үздік  мәдениет қызметкері» деп танылды.

img_3790

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Құрымбаева Жарылғап Жоламанқызы да «Үздік коммуналдық қызметкер»  деп танылып, мерейі үстем болды.

img_3792

«Үздік газ тасымалдау саласының қызметкері» атағы  Мұқашев  Арсен Әленұлына бұйырды. Ол - Мақат желілік өндірістік басқармасының технологиялық компрессорлар машинисі.

img_3801

«Үздік кітапханашы» аталымымен аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мұханова Айман Ізденқызы марапатталды.

img_3782

Сарсекенов Айдарбек Темірбекұлы «Үздік теміржолшы» атағын иеленіп, Локомотив бригадаларының аға нұсқаушы-машинисі деген қызметтің қадірін арттырды.

img_3786

Аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Елемесова Айнұр Қажымұханқызының да «Үздік дәрігер» аталымымен мерейі үстем болды. 

img_3794

«Үздік халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері»  аталымымен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім маманы  Сағындықова Альмира Қабдоллақызы марапатталды.

img_3799

«Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» деген абыройлы ат  Жұбаев Нұркен Әділханұлына бұйырды. Нұркен - Мақат ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.

img_3781

 Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аманиязова Айгерім Кенжебайқызы «Үздік мұғалім» деген атқа ие болды.

img_3796

«Үздік спортшы» деп Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер Мақсотова Нұргүл Сәбитқызы танылды.

img_3788

Ал, «Үздік белсенді жас» аталымын Жансұлтанова Әйгерім Жансұлтанқызы иеленді. Әйгерім аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің  қызметкері.

 img_3785

Салтанатты шараның соңы әдеттегідей аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әсем әндерден шашу шашылды. Мың бұралған "Шаттық" би тобының бүлдіршіндері де даңққа бөленген аға-әпкелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 Осылайша ауданымыздың тыныс-тіршілігіне араласып, өздерінің сүбелі үлестерін қосып жүрген азаматтар мен азаматшалардың ерен еңбектері бағаланып, мерейлері өсті.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521