Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дзюдодан жасөспірімдер арасында Атырау қалалық турнирі өтті.
Дүбірлі додаға Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы және жеті ауданнан барлығы 300-ден астам дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған дүбірлі додада 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша аудан спортшылары 2 алтын және 1 күміс медаль еншілеп, өз шеберліктерін танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Оның ішінде 55 келі салмақта Әли Асқарұлы І орын және Еркенұр Шонай ІІ орынға ие болса, 73 келі салмақта Нұрбек Зауза І орынмен марапатталды.
«МТ»