Жерлестеріміз облыс намысын қорғамақ

(0 Votes)

Аудандық спорт бөлімінен ақжолтай хабарлар толастар емес. Карантин күшейтіліп, жарыс азайтылғалы жүйріктеріміз жеңіске әбден сусап қалғандай. Мұнайлы мекеннің мәртебесін  асықшылар ғана емес, боз кілем шеберлері мен үстел теннисінің мықтылары да бір көтеріп тастады.

Алдымен, қазақша күрестен Орал қаласында өткен Қазақстан  Республикасының чемпионатына іріктеуде 56 кг салмақ дәрежесінде белдескен Айсұлу Ерболатоваға тең келер мықты табылмады. Данияр Хасановтың қол астында жаттығатын қаршадай қыз, осылайша облыс чемпионы атынып Республикаға жолдама алды. Бұл- біздің аудан бойынша да  мықтылардың мектебі қалыптасып келе жатқанына дәлел.

26056bf1-c194-4db4-a89e-4dbbd6283262

Кезекті жаңалық үстел теннисшілерінен келіп жетті. Атырау қаласында, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен додада жерлесіміз Дәулет Есқабыл жекелей жарыста ақтық сынға дейін жетіп, финалдық ойында Атыраулық спортшыға ғана есе жіберді. Күмісті қоржынға басқан Дәулет жұптасып өнер көрсету де де олажалы болып, үшінші орынға орнықты. Енді ол олблыс  намысын үздіктермен бірге Республикалық жарыста қорғамақ. Спортшыларымызға сәттілік серік болсын!

 

А.Садыков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT