Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

(0 Votes)

Ауданымызда ерекше қарқынмен дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі жеңіл атлетика. Бұған дейін де бірнеше байрақты бәсекелерде аудан намысын абыроймен қорғап жүрген жеңіл атлеттеріміз таяуда ғана Ақтау қаласында өткен «Қысқы жүгіру 2023» халықаралық марафонында жүлдемен оралды.

Жарысқа көршілес Ресей Федерациясынан бөлек Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарынан 250-ге жуық спортшы қатынасты. Дүбірлі додада жерлестеріміз де жеңіс тұғырынан көріне білді. Мәселен, Құлмұқанов Парасат ерлер арасында 10 км бойынша 250 спортшының арасынан абсолюттік екінші орынға ие болса, Кулсариев Аманжол да 31-40 жас аралығы бойынша екінші орынға табан тіреді. Үздік жиырмалықты түйіндеген Амантаев Барша-Мұрат «әуесқойлар үшін бұл жаман жетістік емес» деп отыр.

Бір айта кетерлігі 250 спортшының арасынан күміспен күптелген Парасат Құлмұқанов пен жарыс жеңімпазының арасы алты-ақ секунд екен. Бағы мен бабы қатар шапқан Парасат бұл күндері жеңіл атлетикаға қызығушылық танытып жүрген жерлестеріне білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп жүр. Жүгіру қызығы мен шыжығы қатар жүретін спорттың тамаша түрі. Күн санап әуесқой спортшыларымыздың қатары көбейіп келе жатқаны бізді де қуантады. Жеңісті жорығымыз жалғасын таба бергей!

А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521