Доссорда дүбірлі кеш өтті

(0 Votes)

Аптаның сенбісінде Доссор мәдениет үйінің қабырғасында аталған ұжым көркемөнерпаздарының "Өнер - өмір өрнегі" атты есеп беру концерті өтті.

Сахна шымылдығын Д.Құрмашев, А.Дүзелбайқызы, Д. Еримов атты әншілер "Елге тілек " әнімен ашып көрермендерді тәнті етсе, әсем әннен кейін "Мөлдір мұнай" халықтық фольклорлық ансамблінің нақышына келтіріп орындаған күйлері келген қонақтарымызды зор әсерге бөледі.

3334be52-8b7a-4153-9cf5-2c80f38b46d3

Кейін бағдарлама жекелеген әншілер А.Әбілқасова, Ш Қоныспаева, А. Байымбетов, А.Отаубайдың орындауларындағы сазды әндермен жалғасын тапты.

003d1d7b-3a13-4366-a5d9-f70422159702

a6e9f616-8382-43cf-939d-45fb2354df20

Сонымен қатар мәдениет үйі жанындағы "Тамаша" әзіл-сықақ театрының қойылымын да көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады. Өнер көрсеткен әншілердің арасынан болашағынан көп үміт күттіретіндер деп А. Дүзелбайқызы, М.Қабдолов, М. Есмұраттарды атап өтуге болады. Бұл кент мәдениетінің жылдан жылға көтеріліп келе жатырғандығының айғағындай.

db8025b8-7449-4de9-a3f7-f9967251b3d4

Концерттті дәстүрлі әнімен ерекшелендірген Ж.Базарбаев сынды термеші ұлттық өнерді дәріптесе, "Ардагерлер" ансамблі жаңа әндерімен өздерін сан қырынан танытты. Құлақтан кіріп бойды алған, әсем әнмен, мың бұралған биімен, күмбірлеген күйімен "Доссор мәдениет үйінің" көркемөнерпаздары халықтың ризашылығына бөленді.

5e726f0b-d2c1-46cb-97f4-16df040a8592

Шара соңында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Т.Исполов, мәдениет үйінің ұжымына зор рахметін айтып, алғыс хатпен марапаттады. Шараны ауыл ақсақалы Дінғали Дәулетбаев ұжымға және барша қонақтарға ақ батасын беріп қорытындылады.

Өз тілішміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521