Мақат аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің есептік концерті өтті

(0 Votes)

Қиялыңызды сан-саққа сабылтып жүрген көмескі елестерді қайта тірілткіңіз келсе, ғасырлардың қойнауынан жеткен күй аманатына құлақ түріңіз. Талғампаз тыңдармандарын күй құдіретімен ғажайып күйге бөлеп жүрген Мақат аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің құрылғанына да жарты ғасыр.

2020 жылды қорытындылаған аталмыш ұжым 10 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жеңіс салтанаты» атты оффлайн есептік концертін ұсынды.

cf1c097a-969e-4bb8-af4d-02f54cebc53a

Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері С.Жұмашева жетекшілік ететін оркестр санитарлық ереже талаптарын да естерінен шығармады.
Концерттік бағдарламада А.Жұбановтың «Абай фантазиясы» мен Т.Момбековтің «Салтанат» күйі шарықтап, Н.Тілендиевтің әндерінен попурри шертілді. Шараның атауына негіз болған Нұрғисаның «Жеңіс салтанатымен» тыңдарманын бір серпілтіп алған ұжым әрі қарай Ивановичидің «Дунай толқындарымен» тербете жөнелді.
Қара домбыра үн қатқанда күй атасының аты айтылмай қалсын ба? Концерт Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен қортындыланды.

3f0c3742-59a1-4f08-9846-1c176aab489a

Кеш соңында сахна төріне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов көтеріліп, оркестр мүшелеріне өз тілегін білдірді. Сондай-ақ, оркестр дирижері С.Жұмашеваға арнайы алғыс хат табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521