Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде Астана қаласының 20 жылдығына орай әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа ауданнан 11 команда, атап айтқанда: Жастар ресурстық орталығы, Мақат кенті әкімдігі, Х.Санбаев, М.Баймұханов, Л.Шахатов атындағы орта мектептер мен «Балбөбек», «Болашақ», «Нұрбөбек», «Шапағат», «Әсел» балабақшалары мен Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебі қатысты. Жарыс нәтижесінде үздік ойын көрсеткен Жастар ресурстық орталығы 1- орын иеленіп, ауыспалы кубок иеленсе, Л.Шахатов пен Х.Санбаев атындағы орта мектептері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар атынан медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
А.ТАУМҰРЫНОВА.
Сурет автордікі