Бұл күні Доссор, Мақат кенттері мен Бәйгітөбе ауылдық округінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Арқан тарту, гір тасын көтеру, білек күшін сынасып, ләңгі тебу, асық ату және қазақ күресінен өткізілген ойындарға әр мекемеден жиналған командалар белсенді қатысты.
Мақат кентіндегі спорттық шаралар «Нұр Отан» партяисы аудандық филиады ғимараты маңында өтті.
Арқан тартуға 10 команда қатысып, «Өнімдер» командасы жеңіске жетті. Мерекеге ора өткен кіші аяқ добының жарысында 8 команда бақ сынады. Жарыста «Азамат» командасының бағы жанды. Тиісінше, екінші-үшінші орындарды «Қамқор Локомотив» және БЖСМ командалары бөлісті. Ләңгі тебуде де белсенділер көптеп саналды. 27 адам қатысып, нәтижесінде Шадияр Ақсушов өзгелерден ерекшеленіп, алға шықса, С. Құмаров пен А. Сабитов көш жалғады.
Асық атуда «асығы алшысынан тұрған» Д.Сәндешов алға шықса, Ә. Сәндешов пен С. Жаңабайұлы келесі орындардан табылды. Қазақ күресінен белдескен палуандардың ішінен Б.Кішкентаев қарсыласты шақ келтірмеді. Сондай-ақ, келесі орындарға Ә.Талғатов, Ә.Серіков ие болды. Гір тасын көтеруде теміржолшы Сарсенбайұлы Нұркенге тең келер жігіт табылмады. Абаев Аян (Мақат БЖСМ) екінші орынға, Қабдолла Мейірбек үшінші орынды иеленді. Білек күші өзгелерден басым түскен Ж.Өтеулиев алғашқы орынға, Ж.Әбілхан екінші және Н. Серікбаев орынға жайғасты. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған жүлделерді иеленді.
Н.Исполов, бөлімнің нұсқаушы әдіскері.